09 Желт 2020
Страницы Амангелді ОМ

Амангелді орта мектебі оқушыларының жетістіктері

1997 жылы 1 мамырда дүниеге келген. 2003 жылы Амангелді орта мектебінің 1-сыныбына қабылданды. 2007-2008 оқу жылында «Санат» интелектуалдық олимпиадасына қатысып, жүлдегер атанды. 2009-2010 оқу жылында аудандық кіші олимпиадада қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің өзінің теориялық білімін жан жақты дамытқаны үшін III орын иеленді.
Қалиева Гүлназ Әділбекқызы 1993 жылы 24 ақпанда Амангелді ауылында дүниеге келді. 2010 жылы «Жарқын болашақ» 2-республикалық «KATEV» қазақ тілі олимпиадасының жартылай финалына қатысып, «Тіл білімі» бағыты бойынша ІІ орын алды. 2010 жылғы 6-7 сәуірде Астана қаласында өткен олимпиаданың финалына қатысып, қорытындысында «KATEV» халықаралық қоғамдық қорының президенті Үнал Өзтүріктің атынан сертификат және 5В011700 қазақ тілі және әдебиеті, 5 В050400 журналистика мамандығы бойынша Сулейман Демирил атындағы университет гранты берілді.

Сағынова Ардақ Әділбекқызы 1998 жылы
9 қыркүйекте  Амангелді ауылында дүниеге келді. Ардақ көптеген пәндік олимпиадалардың жүлдегері. 2015 жылы жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде математика пәнінен жоғары білім көрсеткені үшін ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Сонымен бірге Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде өткен

ІІІ Республикалық «Ясауи» пәндік олимпиадасының екінші кезеңіне қатысқаны үшін сертификат берілді. 2016 жылы ҮІІІ республикалық «KATEV» қазақ тілі олимпиадасының облыстық кезеңіне қатысып, «Тілші-әдебиетшілер» бағыты бойынша жүлделі ІІІ орынды жеңіп алды. Қазіргі таңда Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Универстиетінің «Механика - математика» факультетінде математика мамандығы бойынша білім алып жатыр. Осы жылы оқу үдерісінде аса жоғары үлгерім көрсетіп, терең де жүйелі білім алу жолындағы ізденісі үшін универститет ректоры
Е. Сыдықовтың атынан Алғыс хатқа ие болды.

Рамазан Ерболұлы 2004 жылы 22 қазанда Амангелді ауылында дүниеге келді. Рамазан озат оқушы. Аудандық пәндік олимпиадалардың жүлдегері. 2016 жылы облыстық кіші олимпиадада қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен терең интеллектуалдық білімін және шығармашылық қабілетін танытқаны үшін жүлделі ІІ орынмен марапатталды.

 

Жаңалыктар
Пайдалы ақпараттық ресурстар