09 Желт 2020
Страницы Амангелді ОМ

Амангелді орта мектебінің директорлары

Шауленов Салық 

Шауленов Салық 1928 жылы 15 қаңтарда Ойыл ауданы Тамдыкөл ауылында дүниеге келген. 1953-1954 жылдары  Амангелді 7 жылдық мектебінің алғашқы директоры болған және тарих пәнінен дәріс берген. «Оқу ісінің үздігі» медалімен марапатталған.

Қазыбаев Қайырғали

Қазыбаев Қайырғали 1927 жылы Ойыл ауданы Берсиев елді мекенінде дүниеге келген. 1975-1977 жылдары Амангелді орталау мектебінде директорлық қызмет атқарған. «Аға мұғалім» атағының иегері болған.

Қапишев Сәлімгерей

Қапишев Сәлімгерей 1930 жылы Ойыл ауданында дүниеге келген. Алғашқы ашылған 7 жылдық мектептің алғашқы директорларының бірі.

Қоғабаев Әбілхами

Қоғабаев Әбілхами 1921 жылы Ойыл ауданы, Көптоғай елді мекенінде дүниеге келген. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Елге оралғаннан кейін мектепте мұғалім, мектеп директоры қызметін атқарды. Бірнеше медальдармен марапатталған.

Қосжанов Қабай

Қосжанов Қабай 1936 жылы 14 қарашада Ойыл ауданы Ақшатау елді мекенінде дүниеге келген. 1977 -1995 жылдар аралығында Амангелді орта мектебін басқарды. 11 жылдық мектептің іргетасының нығаюына үлес қосқан.

Қалнияз Балтабай

Қалнияз Балтабай 1950 жылы 7 мамырда Ойыл ауданы Қаракемер елді мекенінде дүниеге келген. 1995-1997 жылдары Амангелді орта мектебінде мектеп директоры қызметін атқарды. Сонымен бірге тарих пәнінен дәріс берді.

Әбдірзақ Мейрім Мақуұлы

Әбдірзақ Мейрім 1974 жылы 14 тамызда Амангелді ауылында дүниеге келген. 2004 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік универститетін кәсіптік жоғары білімді қолданбалы математика мамандығы бойынша бітіріп шықты. Жоғары білімді, І санатты математика пәнінің мұғалімі. Еңбек өтілі 20 жыл. 2001-2007 жылдар аралығында Амангелді орта мектебінде мектеп директоры қызметін атқарды.

Марапаттары:

2011 жылы қазанда ҚР Білім министрлігінің Құрмет грамотасы;

2003,2009,2011 жылдары ОББ Құрмет грамотасы;

2010 жылы аудандық «Үздік мұғалім - 2010»;

2012 жылы аудандық Алғыс хат;

2013 жылы Облыстық Алғыс хат;

2013 жылы облыстық педагогикалық олимпиаданың ІІІ дәрежелі дипломы.


Сундетов Жайлау Жолдыгалиевич

Сундетов Жайлау 1971 жылы 18 ақпанда дүниеге келген. 2005 жылы Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтын кәсіптік оқыту және еңбек мамандығы бойынша бітіріп шықты. Жоғары білімді, І санатты технология пәнінің мұғалімі. 2007-2013 жылдар аралығында Амангелді орта мектебінде мектеп директоры қызметін атқарды.

Марапаттары:

2001 жылы аудандық Құрмет грамотасы;

2005 жылы аудандық Алғыс хат;

2007 жылы аудандық Құрмет грамотасы;

2010 жылы облыстық Құрмет грамотасы.

Бегалин Есенгелді Бактыбаевич

Бегалин Есенгелді 1977 жылы Ойыл селосында дүниеге келген. Жоғары білімді, І санатты физика пәнінің мұғалімі. Амангелді орта мектебінде 2012-2015 жылдар аралығында мектеп директоры қызметін атқарды. Жаңа типті 100 орындық мектептің салынуына үлес қосты.

Асылбаев Ерлан Базарбайұлы

Асылбаев Ерлан Базарбайұлы 1975 жылы 26 қазанда Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы Көптоғай ауылында мұғалімдер отбасында дүниеге келген.

1982-1992 жылдары Құрман орта мектебінде білім алған ол облыс бойынша сол мектепте ашылған қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен тереңдете оқытатын кластың алғашқы түлектерінің бірі. Қарасу негізгі мектебінде өзінің еңбек жолын бастаған. 1994-1999 жылдары Қ.Жұбанов атындағы университеттен тарих пәні мамандығы бойынша диплом алған. Қарасу негізгі мектебінде тарих пәннің мұғалімі бола жүріп, 2009 жылдан 2013 жылға дейін осы мектептің директоры қызметін атқарған.  2012 жылы ол басқарған ұжым аудан бойынша « Үздік мектеп» номинациясына ие болды. 2013-2015 жылдар аралығында Құрман орта мектебінде мектеп директоры. 2015-2017 жылдары Амангелді орта мектебінде мектеп директоры болды.

2017-2018 оқу жылында амангелді орта мектебінің директоры болып Сундетов Жайлау тағайындалды.

 

Жантолина Ұлмекен

Жантолина Ұлмекен жоғары білімді математика пәнінің мұғалімі. 1997 -2001 жылдары  мектеп директоры қызметін атқарды.

Жаңалыктар
Пайдалы ақпараттық ресурстар